Астанадағы қалың тұманға байланысты қала маңы тасымалы тоқтады
Астанадағы қалың тұманға байланысты қала маңы тасымалы тоқтады
859
оқылды
Астанадағы қалың тұманға байланысты қала маңына қатынайтын бірқатар қоғамдық көліктің қозғалысы тоқтатылды. City Transportation Systems компаниясының мәліметінше, бүгін сағат 05.45-тен бастап күн райының қолайсыздығына (қалың тұман) және тасжолдардың жабылуына байланысты қала маңына қатынайтын №№ 305, 312, 315, 316, 327 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылды. Қала маңына қатынайтын басқа бағдарлар линияда. Еске салайық, кеше тұманға байланысты бірқатар автожол учаскесі жабылған болатын. Атап айтқанда, Ақмола облысында «Екатеринбург-Алматы» тасжолының 1 291-1 353 шақырым аралығы, Жақсы ауылынан Атбасар қаласына дейінгі аралықта көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді. Сондай-ақ осы өңірде «Астана-Қорғалжын» тасжолының 19-124 шақырымында да көлік жүруіне тыйым салынды. Қарағанды облысында Ақмола облысы шекарасынан Теміртау қаласында дейінгі жолда көліктің барлық түріне шектеу енгізілді. Бұл – «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1 353-1 425 шақырым аралығындағы учаске.