Палауға таласқан қазақтар. Ұят-ай – Оңғар Қабден
Палауға таласқан қазақтар. Ұят-ай – Оңғар Қабден
1,119
оқылды

Наурыз мерекесінде бірінің үстіне бірі мінбелеп, ақ дастарқандағы адал асты ерекше қарқынмен «талан-таражға» салған Қазақ елі тұрғындарының видеолары әлемді шарлап кетті. Палауға таласқан тұрғындардың әрекетін шетелдіктер де көріп, жағасын ұстаған.  Журналист Оңғар Қабден мұндай «мешкейлік» жайын шетелдік достары айтқанда ұяттан жерге кірерге тесік таппағанын жеткізді.

Бұл жайлы журналист Оңғар Қабден: "Өткенде парақшамнан Украинадан Aida  Khametzhanova жіберген видеоны бәріңіз көрдіңіздер. Қазақтар тіккен киіз үйдің қасында украин жігіті өзіне берген бір тарелка палаудан екі-үш қасық жейді де, қалғанын кішкентай қызына береді. Қазанның қасындағы палау салып тұрған ағай «кел, тағы да салып берейін. Палау бар әлі» десе ана жігіт, «мен өзімдікін алдым ғой. Қазандағы басқалардың несібесі» деп жауап береді. Сол кезде қатты таңғалып едім. Көз алдыма Болаттың берген палауына таласқан өзіміздің халық келіп, қатты ыңғайсызданғанмын. Сосын өзімізді солармен салыстырып, соғыс болып жатса да ар  мен намысын жоймаған халық екеніне сүйсінгенмін", –  деп Оңғар Қабден Украина тұрғындарының ұстамдылығын сөз етеді.

Кейіннен оны Наурыз мерекесіндегі тұрғындардың «ашкөздігімен» салыстырады.

"Кешегі «палау таласты» көріп жылағым келді. Құдай-ау 30 жылда не болып кеткенбіз? Халық аш, жалаңаш деп ақтамай-ақ қойыңыздар. Бір тарелке тамақ үшін Африканың өзінде бұлай таласпайды. "Тегін тамақ, тамақ тарату" деген акцияны тоқтату керек. Жетімдер үйіне, қарттар үйіне барып істе. Мешітке апарып қатымханасына жай дастарқанды. Адам құсап отырып жесін. Не мынау? Палауға таласқан қазақтардың видеосы әлемді шарлап кетті. Бағана Украинадан хабарласқан жігіттер шок болып жатыр. Не айтарымды да білмедім, – деп қапаланды журналист.

Оқырмандар Оңғар Қабденді қостады:

«Бесіктен бастап түзетпесе, мынадай «мәдениетпен» ел болу қиын»; «Қайырымдылықты көрсетіп жасамасын. Бұл 1-2-ден тамаққа тойдырып, үй әперу емес, яғни балық емес, қармақ беруді бастайық. Жұмыс көзін ашсын. Тиындап сбордан жинап болса да жұмыс көзін ашу, не жұмысқа үйрететін курстарға оқытып, кәсіп бастатып па!?»; «Өз басым тегін үй салып, алып бергенді қолдамаймын. Соны көрген баласы масыл болады. 100%. иБала көргенін жазып алады миына. Ал оларды, міне, мына балалары бар деп шиттей балаларды экранға шығару ол тіпті масқара».