Карина Ибрагимова әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Карина Ибрагимова әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
755
оқылды
Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Карина Ибрагимова күміс жүлдегер атанды. Спортшылар 57 келіге дейінгі салмақта 2023 жылғы әлем чемпионатының «алтынын» сарапқа салды. Каринаның қарсыласы 2019 жылғы Еуропа чемпионы, 2020 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері және 2022 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері 25 жастағы Ирма Теста болды. Төрешілердің шешімімен итальяндық финалдық кездесудің жеңімпазы атанса, Ибрагимова осы жарыстардың күміс жүлдесіне  ие болды. Карина Ибрагимова өз спорттық жолында алғаш рет әлем біріншілігінің күміс медалін жеңіп алды.