Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады.

"Антициклон сілкінісінің әсерінен Қазақстанның бүкіл аумағында дерлік жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуімен ауа райы құбылмалы болады, аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, республиканың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман түсіп, жел күшейеді", –  деп хабарлады "Қазгидромет".
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз 4-9 градус жылы болады. Маңғыстау облысының батысында түнде тұман. 25 наурыз сағат 21.00-ден 26 наурыз сағат 21.00-ге дейін  Өскемен, Риддер  қаласы бойынша қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады. 25 наурыз сағат 21.00-ден 26 наурыз сағат 21.00-ге дейін Семей облысы  бойынша қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады. Астанада түнде және таңертең тұман түседі. Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. 26-28 наурызда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.