Абылайхан Жұманазар Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанды
Абылайхан Жұманазар Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанды
Қазақстандық Абылайхан Жұманазар Грузия астанасы Тбилисиде дзюдодан өтіп жатқан Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанды. Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, әлемдік доданың екінші күні А.Жұманазар 81 келіге дейінгі салмақта финалға дейін төрт кездесу өткізді. Жарысты екінші айналымнан бастаған Абылайхан іріктеу кезеңінде Канада және Польша өкілдерін тізе бүктірді. Ширек финалда молдовалық Виктор Стерпуден басым түсті. Ал жартылай финалда татами иесі, грузиялық Дмитрий Гочилидзеден вазари әдісімен ұтылып жатып, таза жеңіп кетті. Осыған дейін Grand Slam және Гран-при жарыстарында жүлде алып көрмеген Абылайхан Жұбазанар финалда аустриялық Уашид Борчашвилимен алтын жүлдені сарапқа салды.