Алматы-Өскемен тасжолында жеңіл көлік эвакуатормен соқтығысты
Алматы-Өскемен тасжолында жеңіл көлік эвакуатормен соқтығысты
696
оқылды
Жол-көлік оқиғасы Жетісу облысы Көксу ауданында тіркелді. Алматы-Өскемен тасжолының 203-шақырымында Toyota Gracia автокөлігі мен Mercedes-Benz эвакуаторы соқтығысты. Оқиға орнынан аудандық ауруханаға алты адам медициналық тексеруге жеткізілді. Олардың бірі – кәмелетке толмаған бала. Жүргізушілердің қайсысы жол апатына себеп болғаны тергеу барысында анықталмақ. Оқиға орнында патрульдік полиция мен анықтаушылар жұмыс істеді.