Жаңа ережені бұзған ит пен мысық иелері қалай жазаланатыны белгілі болды
Жаңа ережені бұзған ит пен мысық иелері қалай жазаланатыны белгілі болды
836
оқылды
Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстанда жаңа ережені сақтамаған ит пен мысық иелері қалай жазаланатынын айтты. Экология және табиғи ресурстар министрі Зульфия Сүлейменованың бұйрығы 23 наурызда жарияланды, қоғамдық талқылау 6 сәуірге дейін жалғасады. Министрліктің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Жануарлар, аңшылық шаруашылығы басқармасының бас сарапшысы Ринат Есмағұловтың айтуынша, үй жануарларының иесі ережені бұзса, әкімшілік жазаға тартылады.
"Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің «Қазақстан Республикасының жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнамасын бұзу» деген 407-бабы 2-ескертуі бойынша, жеке тұлға 10 АЕК көлемінде айыппұл төлейді. Бұл –  34 500 теңге", –  деді Ринат Есмағұлов.