Қазақстан шахмат федерациясы Нью-Делиде өткен турнирдегі жанжалға қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстан шахмат федерациясы Нью-Делиде өткен турнирдегі жанжалға қатысты мәлімдеме жасады
1,318
оқылды
Қазақстан шахмат федерациясы Нью-Делиде әйелдер арасында шахматтан Гран-при турнирін ұйымдастырылуы туралы мәлімдеме жасады. "Қазақстандықтар Нью-Делиде әйелдер арасында шахматтан Гран-при турнирін ұйымдастыру мәселесін қызу талқылап жатыр. Қазақстан шахмат федерациясы осы турнирге қатысты барлық мәселелер ФИДЕ мен Үндістандағы турнирді ұйымдастырушыларының құзырында екенін айтуды жөн санайды. Федерация өз тарапынан қазақстандық спортшыларға қолдау білдіреді және әлемде әйелдер арасындағы шахмат турнирлерін ұйымдастыру деңгейі арта түседі деп үміттенеді. ҚШФ ФИДЕ және басқа да мүдделі тараптармен болған жағдайды талқылауда. Шахматтан еліміздің әйелдер құрамасы – отандық спорттың мақтанышы. Біздің атақты шахматшыларымыз бірсәттік келіспеушіліктерді шеше алатынына және өз жанкүйерлерін жаңа жеңістерімен қуанта беретініне сенімдіміз", – делінген федерация мәлімдемесінде. Бұған дейін блицтен  екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Жансая Әбдімәлікке қатысты сыни пікір айтқанын хабарлаған болатынбыз.