Қазақстан құрамасы Данияны 3:2 есебімен жеңді
Қазақстан құрамасы Данияны 3:2 есебімен жеңді
Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу сатысында бүгін Қазақстан құрамасы өз алаңында Даниямен кездесті. Қазақстан құрамасы бұл ойында керемет камбэк жасап, жеңіске жетті. Қазақстан құрамасы бірінші таймда 2 го есебімен жеңіліп жатқан, бірақ екінші таймда қатарынан үш гол соғып кэмбек жасады. Есеп - 3:2. Екі команда бұған дейін төрт мәрте кездескен-ді. Оның барлығында даниялық футболшылар жеңіске жеткен болатын. Бұл жолы қазақстандық құрама сол кеткен есені қайтарды. Енді Қазақстан алдағы ойынын 16 маусымда сырт алаңда Сан-Мариноға қарсы өткізеді. https://www.youtube.com/watch?v=jEMra9x2Sok