Тұман, жаңбыр: Қазақстанның 3 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Тұман, жаңбыр: Қазақстанның 3 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Батыс Қазақстан облысының шығысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түркістан облысының тау асуларында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Астана қаласында қалың тұман болады.