Астанада қала маңына қатынайтын бірнеше автобус уақытша тоқтатылды
Астанада қала маңына қатынайтын бірнеше автобус уақытша тоқтатылды
Фото: kazpravda.kz
772
оқылды
Елорда маңына қатынайтын бірқатар автобус ауа райының қолайсыздығына және тасжолдардың жабылуына байланысты уақытша тоқтатылды. Бұл туралы CTS компаниясы хабарлады.
"Ауа райының қолайсыздығына және тасжолдардың жабылуына байланысты, қала маңына қатынайтын № 315, 316, 327 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылды. Басқа қала маңы бағдарлары линияда", – делінген CTS таратқан хабарламада.