ҰҚК қызметкерлері арнайы операция нәтижесінде 100 келі героин тәркіледі – Видео
ҰҚК қызметкерлері арнайы операция нәтижесінде 100 келі героин тәркіледі – Видео
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғызстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен бірге бірнеше сатылы арнайы операцияның нәтижесінде ауыр есірткілерді контрабандалық жолмен әкелудің тұрақты арнасының жолын кесті. Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҰҚК жедел қызметкерлері жедел зерделеу барысында есірткі трафиктерін қалыптастыратын елдерде Қазақстан арқылы өзге шет елдерге шығаруға арналған апиын тектес есірткілердің ірі партиясы жинақталғаны жайында ақпаратқа қол жеткізген. Кезең кезеңімен есірткіні тасымалдаудың жолдары мен айламен әкелу схемалары анықталды. ҰҚК Арнайы іс-шаралар нәтижесінде есірткіні өткізуді ұйымдастыратын шетелдік азаматтың Қазақстанға келетіні туралы нақты мәлімет алынды.
«Жедел қызметкерлердің және «А» Арнайы мақсаттағы қызметтің келісілген әрекеттерінің арқасында Алматы қаласында 100 келіден аса героинді тасымалдау кезінде есірткі арнасының ұйымдастырушысы ұсталды», - делінген хабарламада.
Материал Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, қазір тергеу амалдары басталды. Халықаралық есірткі трафигі арналарының жолын кесу бойынша жұмыс жалғасып жатыр. https://www.youtube.com/watch?v=ffoC54lyKP4&ab_channel=%D0%9A%D0%9D%D0%91%D0%A0%D0%9A