Абай облысында Қаңтар оқиғасы кезінде жоғалған қару табылды
Абай облысында Қаңтар оқиғасы кезінде жоғалған қару табылды
Фото: polisia.kz
341
оқылды
Абай облысының полицейлері Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қаруды тапты. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тұрғылықты жерін тінту кезінде 12 калибрлі Вепрь-12, оған 12 калибрлі 4 патроны бар, атуға жарамды резеңке оқтар, 62х39 атуға жарамды (зауыттық тәсілмен жасалған), соққыға қарсы қорғаныс қалқандары, тапаншаға арналған қапшығы бар белдік және арнайы құралдар тәркіленген Аягөз ауданының тұрғыны ұсталды. [caption id="attachment_246435" align="alignnone" width="1280"]қару Фото: polisia.kz[/caption] Күдікті қамауға алынды. [caption id="attachment_246437" align="alignnone" width="1280"]қару Фото: polisia.kz[/caption] Аталған факт ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, мән-жай анықталып жатыр.