ОСК Мәжіліс сайлауының түпкілікті нәтижесін жариялады
ОСК Мәжіліс сайлауының түпкілікті нәтижесін жариялады
Орталық сайлау комиссиясы ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарын кезектен тыс сайлаудың түпкілікті қорытындысын жариялады. Комиссия мәліметінше, Мәжіліс сайлауына қатысқан партиялар сайлаушылар дауысын былай бөлісті: 1. «AMANAT» партиясы – 53,90% немесе 3 431 510 адам дауыс берді; 2. «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – 10,90% немесе 693 938 адам дауыс берді; 3. Respublica партиясы – 8,59% немесе 547 154 адам дауыс берді; 4. Қазақстан халық партиясы – 6,8% немесе 432 920 адам дауыс берді; 5. «Байтақ» жасылдар партиясы – 2,30% немесе 146 431адам дауыс берді; 6. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 8,41% немесе 535 139 адам дауыс берді; 7. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 5,20% немесе 331 058 адам дауыс берді; «Бәріне қарсымын» бағаны – 3,90% немесе 248 291 адам дауыс берді. Мәжіліс ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтың дерегінше, 5 және одан да көп пайыз дауыс жинаған саяси партиялардың арасында Мәжіліс депутатының мандаттары былай бөлінді: 1. «AMANAT» партиясы – 40 мандат; 2. «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – 8 мандат; 3. Respublica партиясы – 6 мандат; 4. Қазақстан халық партиясы – 5 мандат; 5. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 6 мандат; 6. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 4 мандат.   19 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарын кезектен тыс сайлауы өтті. Бұл жолы кандидаттар партиялық тізім негізінде және бір мандатты округтер бойынша сайлауға қатысты. Мәжіліс сайлауына 7 саяси партия тіркеліп, оның алтауы 5%-дан көп дауыс жинады. Республикалық телеарналарда тікелей эфирде Мәжілісі сайлауына қатысатын 7 партия өкілдері арасында үш дебат өтті.