Орталық сайлау комиссиясы ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарын кезектен тыс сайлаудың түпкілікті қорытындысын жариялады.
Комиссия мәліметінше, Мәжіліс сайлауына қатысқан партиялар сайлаушылар дауысын былай бөлісті:
1. «AMANAT» партиясы – 53,90% немесе 3 431 510 адам дауыс берді;
2. «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – 10,90% немесе 693 938 адам дауыс берді;
3. Respublica партиясы – 8,59% немесе 547 154 адам дауыс берді;
4. Қазақстан халық партиясы – 6,8% немесе 432 920 адам дауыс берді;
5. «Байтақ» жасылдар партиясы – 2,30% немесе 146 431адам дауыс берді;
6. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 8,41% немесе 535 139 адам дауыс берді;
7. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 5,20% немесе 331 058 адам дауыс берді;
«Бәріне қарсымын» бағаны – 3,90% немесе 248 291 адам дауыс берді.