Алматыда жолға таласқан жүргізушілердің бірі екіншісіне оқ атты
Алматыда жолға таласқан жүргізушілердің бірі екіншісіне оқ атты
© видеодан алынды
8,202
оқылды
Алматыда жолға таласқан жүргізушілердің бірі екіншісіне оқ атты. Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға Наурызбай ауданында болған.
«Алдын ала мәлімет бойынша, базарлардың бірінің аумағында екі көлік жүргізушісінің арасында  жанжал туындап, соның салдарынан олардың бірі қарсыласының бетінен атқан. Күдікті полицияға жеткізілді. Оның атына тіркелген «ИЖ» газ тапаншасы қылмыстық іс материалдарына қоса тіркелді», – делінген хабарламада.
Қазіргі кезде аталған дерек бойынша Наурызбай аудандық ПБ ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыс бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатқанын хабарлайды.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от 🅺🆁🅸🆂🅿🅸_🅰🅻🅼🅰🆃🆈 (@krispi_almaty)