Бір мандатты округтер бойынша 104 кандидатқа сайлау жарнасы қайтарылады
Бір мандатты округтер бойынша 104 кандидатқа сайлау жарнасы қайтарылады
Фото: Informburo.kz
Бір мандатты округтер бойынша сайлауға түскен 104 үміткерге сайлау жарнасы қайтарылады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина айтты, – деп хабарлады Halyq Uni.
"Бір мандатты округтер бойынша Мәжіліс сайлауына қатысқан 370 кандидаттың 104-іне сайлау жарнасы қайтарылады. Қалған 266 үміткер 5%-дан аз дауыс жинады. Сайлау жарнасы 2 партияға да қайтарылады: Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы мен Respublica партиясы. Ал «Байтақ» жасылдар партиясы межелі дауысты жинай алмады. Қалған партиялар Конституциялық заңның 88-бабына сәйкес, сайлау жарнасын енгізбеді. Өйткені олар бұрын Мәжіліс сайлауына қатысқан және 5 немесе одан да көп пайыз дауыс жинаған. Сондықтан олар сайлау жарнасын төлемейді", – деді Сәбила Мұстафина.
Бір мандатты округтер бойынша сайлауға қатысқан үміткерлер 1 млн 50 мың теңге мөлшерінде сайлау жарнасын төлеуге тиіс. Айта кетейік, сайлауда Мәжіліске 6 партия өтті. Сондай-ақ бір мандатты округтер бойынша 29 үміткер Мәжіліс депутаты атанды.