Сегізінші шақырылған Парламенттің алғашқы сессиясы өтетін күн белгіленді

Сегізінші шақырылған Парламенттің алғашқы сессиясы өтетін күн белгіленді

Мемлекет басшысы сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды, – деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы 2023 жылғы 29 наурызда сағат 10:00-де Астана қаласында шақырылсын. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Астана, Ақорда, 2023 жылғы 27 наурыз, №153», – делінген құжатта.