Еліміздегі экспорттың көлемі соңғы 10 жылдан бері алғаш рет 40%-ға өсті. Ranking.kz сайтының мәліметінше, былтыр Қазақстаннан шығарылған тауар көлемі 84,4 млрд АҚШ долларын құраған. 2022 жылдың тағы бір рекорды елдің шикізаттық емес экспортының көлеміне қатысты. Ол 2012 жылғы ең жоғары деңгейден асып, 26,5 млрд долларға жетті. Оның ішінде 8 млрд АҚШ доллары жоғары өңделген тауарлардың экспорты. Өткен жылы Қытай мен Ресей еліміздің жетекші сауда серіктестеріне айналды. Аталған екі елдің сыртқы тауар айналымындағы жалпы үлесі 37%-ға тең. Қазақстан-Ресей сауда операцияларының көлемі былтыр 26,1 млрд АҚШ долларына Сауда серіктестерінің бестігіне қазақстандық шикізатты жетекші импорттаушы елдер Италия (басты мұнай сатып алушы), Түркия және Оңтүстік Корея кірді. QazTrade сарапшыларының пікірінше, геосаяси жағдайға байланысты әлемдік саудадағы өзгерістер жалпы Қазақстан экспортына оң әсерін тигізді. Экспорттық себетті әртараптандыру деңгейінің жоғарылауы байқалды. Қазақстан тауарлардың көп түрін сата бастады, ал экспорттық нарықтар саны 122-ден 129-ға дейін өсті.