Ақтөбе облысында екі жүк көлігі соқтығысып, бір адам көз жұмды
Ақтөбе облысында екі жүк көлігі соқтығысып, бір адам көз жұмды
488
оқылды
Самара - Шымкент автожолының 1001-шақырымында Mercedes және Volvo екі жүк көлігі соқтығысқан, деп хабарлайды polisia.kz.
Салдарынан Mercedes автокөлігі өртеніп, оның жүргізушісі аудандық ауруханаға жатқызылды. Volvo автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Жол апатына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция департаменті көлік жүргізушілерін жол ережелерін қатаң сақтауға үндеді.