Алматы-Өскемен тасжолында жол апатынан үш адам көз жұмды
Алматы-Өскемен тасжолында жол апатынан үш адам көз жұмды
27 наурызда Ақсу ауданында Toyota Camry және Kia Rio көліктерінің қатысуымен жол апаты болды. Корей шетелдік көлігін 40 жастағы әйел, ал Toyota Camry көлігін 39 жастағы ер адам басқарған. Жеңіл көліктер Алматы-Өскемен тасжолының 406-шақырымында соқтығысқан, жүргізушілердің бірі рульді басқара алмай, көлік қарсы жолаққа шығып кеткен. ЖКО-да үш адам қаза тапты, тағы екі адам түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жатқызылды.