Дариға Назарбаева қазақ жерінің ешкімге берілмейтінін айтты
Дариға Назарбаева қазақ жерінің ешкімге берілмейтінін айтты
© Парламент Сенатының баспасөз қызметі
183
оқылды
Қазақстанның сыртқы жауы жоқ. Қазақстандықтардың басты жауы жауапсыздық пен сын-қатерге дер кезінде төтеп бере алмау. Бұл туралы парламент сенатының төрағасы Дариға Назарбаева айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Спикер әр қабылданған шешім жіті ойластырылып, ақылға салынуы тиіс екенін баса атап өтті. "Қазақстан - бұл біздің жеріміз. Біз аға ұрпақ алдында да, балаларымыз алдында да ол үшін жауаптымыз. Бәріміз де мұны жақсы түсінеміз. Біздің сыртқы жауымыз жоқ. Біз ешқашан ешкімге туған жеріміздің бір қарысын да бермейміз. Бұл тұрғыдан бізді ешқандай көрші ел қорқытып отырған жоқ", - деді Назарбаева агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері туралы парламенттік тыңдауды қорытындылап. Бұл ретте спикер қазақстандықтардың басты жауын санамалап берді. Олар: жауапсыздық, біліксіздік, асығыс шешім қабылдау, қағаз есептер кесірінен жағдайға дұрыс баға бере алмау және әр күннің сын-қатеріне дер кезінде төтеп бере алмау. Сенаторлар елдің аграрлық саясатының негізгі міндеті халықты азық-түлікпен 80%-ке қамтамасыз ету деп санайды.
"Бұл дегеніміз, ішкі нарықты қорғау, ауыл шаруашылығы саласының табысын арттыру, жаңа технологияларға көшу, барлық заманауи стандарттар мен талаптарға сай азық-түлік өндіру. Сол кезде біздің фермерлерге де сапа сертификатын алу үшін түрлі инстанция аралап, қағаз жинап, өнімдерінің пайдалы екенін дәлелдеп жүруге тура келмес еді", - деді ол.
Назарбаеваның айтуынша, агроөнеркәсіп кешені ұлттық экономиканың драйверіне айналуы үшін барлық алғышарттар бар.