Қазақстанның сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы заңына өзгеріс енгізілді. Бұл туралы Ақорданың ресми баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстанның конституциялық заңына қол қойды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне процестік заңнаманы жетілдіру және сот жүйесін реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан заңына қол қойды. Заң мәтіні баспасөзде жарияланды.