Қосымша құн салығы негізсіз жұмсалғаны анықталды
Қосымша құн салығы негізсіз жұмсалғаны анықталды
1,016
оқылды
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 11 924,2 мың теңгеге 143 шарт бойынша негізсіз төленген қосымша құн салығын бюджет кірісіне өндіріп алды. 2022 жылы жасалған мемлекеттік сатып алудың 39 шарты бойынша шарттық міндеттемелер 3 800,5 мың теңгеге азайтылды. Сондай-ақ 5 өнім беруші негізсіз алынған қосымша құн салығын қайтару туралы 6 шарт бойынша 4 291,4 мың теңгеге кепілдік міндеттемелерін ұсынды. Бұған қоса, тапсырыс берушілер 34 шарт бойынша 6 176,3 мың теңгеге негізсіз төленген қосымша құн салығын өндіріп алу туралы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа талап-арыз жолдады. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша қосымша құн салығын төлеуші болып табылмайтын өнім берушілерге қосылған құн салығының негізсіз  артық төленген сомасын бюджетке қайтару бойынша жұмысты жалғастыруда.