Танымал YouTube арнасында «Алматы – алманың отаны» атты оңтүстік астана туралы бейнеролик жарыққа шықты. Танымал араб-израильдік видеоблогер Нусейр Ясиннің шығармашылық командасы Алматыға арнайы келіп, қаланың ең танымал символы – алма туралы ролик түсірді.
Видео түрлі платформаларда, соның ішінде YouTube, Instagram, TikTok және басқа да әлеуметтік желілерде жарияланды. Бүгінде жобаның жалпы аудиториясы 60 миллионнан астам пайдаланушыны құрайды.
Бейнероликті түсірген News Daily арнасы бұған дейін түрлі елдердің мәдени ерекшеліктерін және бүкіл әлем бойынша туристердің болуы тиіс бірегей орындарды көрсететін видеороликтерімен танымал.