Жамбыл облысында халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
Жамбыл облысында халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
663
оқылды
Жамбыл облысында халықаралық іздеуде жүрген қырғыз азаматы ұсталды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, 17 наурызда "Айша бибі" өткізу пунктінде Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері халықаралық іздеуде жүрген қырғызстандықты ұстаған. Оған Ресей Федерациясында қылмыс жасағаны үшін халықаралық іздеу жарияланған. Ұсталған азамат құқық қорғау органдарына тапсырылды.