Айбар Олжаев: «AMANAT» партиясы және баланс
Айбар Олжаев: «AMANAT» партиясы және баланс
©kazbusiness.kz
885
оқылды
«AMANAT» партиясы  Саяси кеңесі бюросының шешімімен кандидаттардың тізімі бекітіліп, ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаттары ретінде тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына жолданды.
Партиялық тізім бойынша Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауының қорытындысына сәйкес, «AMANAT» сайлаушылардың 53,9 пайыз дауысын жинады. Бұл 40 депутаттық мандатқа сәйкес келеді. Журналист Айбар Олжаевтың айтуынша, партия осы жолы баланс ұстаған.
– «AMANAT» партиясының бұл жолғы құрамында баланс бар. Сондықтан партия Парламент қабырғасында тиімді жұмыс істеуі тиіс. Көзкөрген біраз әріптестеріміз бара жатыр, еңбектері жана берсін, әр жасаған істері мемлекеттілігімізді нығайтсын, – деген пікірді  Facebook парақшасында жазды.
Естеріңізге салсақ, Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясының жаңа құрамындағы әйелдер, 35 жасқа дейінгі жастар және ерекше қажеттіліктері бар адамдардың үлесі 32 пайызды құрайды.