Әлеуметтік желіде Талдықорғанның орталық алаңымен тыйым салынғанына қарамастан көлігімен жүрген Қайрат Нұртастың видеосы пайда болды. Полиция оқиғаға қатысты пікір білдірді. Видео жарияланған соң полиция Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісін ұстап, жауапқа тартқан. «Іздестіру шаралары барысында көліктің 45 жастағы жүргізушісі Алматы аумағында ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жетісу полициясы азаматтарға құқықбұзушылыққа төзбей, белсенді азаматтық ұстанымын жеткізгені үшін алғыс білдіреді",– деп хабарлады Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі.