Жауын, тұман, көктайғақ: 29 наурызға арналған ауа райы болжамы

Жауын, тұман, көктайғақ: 29 наурызға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» 29 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Сәрсенбі күні Қазақстанның батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен жауын-шашын көбінесе жаңбыр түрінде жауады. Елдің қалған аумақтарында жоғары қысым өрісінің әсерінен көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, оңтүстікте – найзағай, солтүстікте көктайғақ болжанады.