Петропавлда аялдама әйнегін сындырған жігітке жаза қолданылды
Петропавлда аялдама әйнегін сындырған жігітке жаза қолданылды
352
оқылды
Петропавлда аялдаманың әйнегін сындырған жігіт әкімшілік жазаға сәйкес 5 тәулікке қамалды. Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлдың 21 жастағы тұрғыны мас күйінде қаланың 20 шағын ауданындағы аялдама павильонының әйнегін әдейі сындырған. Бұзақылық жасап, мүлікті бүлдірген жігіт 5 тәулікке қамауға алынды. Жыл басынан бері Петропавлда аялдама павильондарын зақымдаудың 6 фактісі тіркелген. Көп жағдайда бұзақылар көшедегі бейнекамералардың көмегімен анықталып, жазаға тартылады.
«Бұған дейін мұндай құқық бұзушылықтар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабы «Ұсақ бұзақылық» бойынша сараланатын, алайда биылғы 7 наурыздан бастап заңнамаға бөтеннің мүлкін қасақана жойғаны немесе бүлдіргені үшін жауапкершілікті көздейтін жаңа норма қолданысқа енгізілді. Енді ҚР ӘҚБтК-нің 147-1-бабы, яғни «Бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру» бойынша жауапкершілік 20 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5-тен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуды көздейді. Ұсақ бұзақылық қайта жасалған жағдайда 15-тен 30 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алынады», – деді Петропавл қаласы Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Айдын Ақмағамбетов.
https://www.youtube.com/watch?v=SeBhfXSNYNU&ab_channel=SQOPD%D0%94%D0%9F%D0%A1%D0%9A%D0%9E