Мемлекет басшысы «Қазақстанның халық әртісі» атағын қалпына келтіру туралы шешім қабылдады
Мемлекет басшысы «Қазақстанның халық әртісі» атағын қалпына келтіру туралы шешім қабылдады
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында мәлімдеді.
– Мен «Қазақстанның халық әртісі» атағын қайта қалпына келтіру туралы шешім қабылдадым. Биыл қазан айында – Республика күнінде осы атаққа лайықты мәдениет қайраткерлерінің алғашқы тобы марапатталады, – деді Президент.