Атырау облысында 417 келі бекіре тұқымдас балық тәркіленді
Атырау облысында 417 келі бекіре тұқымдас балық тәркіленді
Ірі көлемдегі балық 25 наурыз күні тәркіленген. Құрманғазы ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері Газель автокөлігін тексеру кезінде жалпы салмағы 417 келіні құрайтын бекіре тұқымдас балықты тәркілеген. Автокөлік 1980 жылы туған жергілікті тұрғынға тиесілі. "Аталған дерек бойынша Құрманғазы ауданының полиция бөлімі ҚР Қылмыстық Кодексінің 339-бап, 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде", – делінген Атырау облысы Полиция департаменті таратқан мәліметте.