Доллар бағамы 6,35 теңгеге арзандады
Доллар бағамы 6,35 теңгеге арзандады
Фото: turantimes.kz
660
оқылды
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді. Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 6,35 теңгеге төмендеп, 1 доллар 448,39 теңге болды. Айта кетейік, Ұлттық банктің 29 наурыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 455,00 теңге болды. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 447 теңге, сатып алу – 451 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 446,5 теңгеден болса, сатып алу – 450 Алматыда Ресей рублі 5,7 – 5,95 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,73 – 5,78 теңгеден сатылуда.