Жақында ұлды болған Әли Оқапов жұбайына су жаңа көлік сыйға тартты
Жақында ұлды болған Әли Оқапов жұбайына су жаңа көлік сыйға тартты
© әлеуметтік желіден алынды
2,089
оқылды
Жақында ұлды болған әнші Әли Оқапов жұбайы Ақерке Бүркітбайға су жаңа көлік тарту етті. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазба жариялады.
«Қуанышты сәтімді сіздермен де бөліскім келеді. Бүгін осындай ерекше сыйлыққа ие болдым. Көп нәрсе жазғым келеді. Бірақ барлығын жеке айтуды жөн көрдім. Рахмет саған, менің қолдаушым, қорғаным, Әли», – деп жазды Ақерке Бүркітбай.
Желі қолданушылары да жылы лебіздерін білдіріп жатыр.
«Балапан өсе берсін, сіздер бақытты болыңыздар!», «Қандай керемет», «Махаббаттарың мәңгілік болсын!», «Құтты болсын», «Ұлыңыздың бауы берік болсын», – деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, Роза Рымбаева жақында немересінің бесік тойын жасаған болатын.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Akerke Burkitbay (@akerkeburkitbay)