Қазақстандық спортшы ауыр атлетикадан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Қазақстандық спортшы ауыр атлетикадан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
604
оқылды
Қазақстандық Нұрдос Сабыр жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан Албанияның Дуррес қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс жүлдені иеленді. «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-ның баспасөз қызметінің мәліметінше, қазақстандық ауыр атлет 89 келіге дейінгі салмақта бақ сынады. Қоссайыс қорытындысында Нұрдос 321 келіні (145+176) бағындырып, күміске ие болды. Ол жұлқа көтеруде жеңімпаз атанса, серпе көтеруде 2-орыннан көрінді. Барлығы 57 елден 268 ауыр атлет қатысып жатқан әлем біріншілігінде бұған дейін Ерасыл Сәулебеков 73 келіге дейінгі салмақта (137+168) 305 келі нәтижемен чемпион атанған еді.