Такси жүргізушілері мен курьерлерге әлеуметтік төлем аударылады

Такси жүргізушілері мен курьерлерге әлеуметтік төлем аударылады

Онлайн платформалар таксистер мен курьерлерге әлеуметтік төлем аударуға міндеттеледі. Яғни, олар енді ресми түрде жұмыспен қамтылғандар қатарына қосылмақ. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрінің міндетін атқарушы Назгүл Сағындықова мәлімдеді. Оның айтуынша, қазірдің өзінде "Яндекс", Uber және Wolt-пен келісім жүргізілген. Онлайн-платформалар төлемді таксистердің табысынан емес, өз қалталарынан аударатын болды. Бұл шаралар жаңадан қабылданған Әлеуметтік кодекс аясында жүргізіліп жатыр.