Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі өтетін күні мен қарсыласы белгілі болды
Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі өтетін күні мен қарсыласы белгілі болды
2,014
оқылды
WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (13-0, 8 КО) кезекті жекпе-жегі өтетін күн мен қарсыласының кім екені белгілі болды. Бұл туралы Жәнібек Әлімханұлының менеджері Берік Сұлтан Facebook парақшасында жариялады.
«Ресми! Бұйыртса, жекпе-жек 13 мамырда өтеді. Жәнібек Әлімханұлы WBO чемпиондық титулын екінші рет қорғайды. Қарсыласы канадалық Стивен Батлер. Жасы 27-де. Рекорды: 32 жеңіс, 3 жеңіліс. WBO рейтингінде 6-орындағы қарсылас. Тартысты кездесу күтіп тұр! Qazaq style-ға сәттілік! Жеңісті күнде жүздесейік!», — деп жазды ол.