Алматы қаласында дәмханадан өрт шықты
Алматы қаласында дәмханадан өрт шықты
Фото: Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті
Алматыда Бостандық ауданы Розыбақиев көшесі 274 мекенжайындағы дәмханадан өрт шықты.
«Өрт сөндіру бригадасы жоғары ранг бойынша жұмылдырылды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 5 минутта жетті. Белгілі болғанындай, 3 қабатты дәмхананың шатыры отқа оранған. Жақын маңдағы ғимараттарды қызыл жалыннан қорғау үшін өрт оқпандары енгізілді. Дереу автоцистерналар гидранттарға орнатылды, магистральды  желілер тартылып, үздіксіз сумен қамтамасыз етілді. Өрт сөндіру сатысы да қолданылды», – деп хабарлады Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті.
Өрт 30 шаршы метрді шарпыған. Өртті сөндіруге 15 техника мен 41 өрт сөндіруші жұмылдырылды. Төтенше оқиғадан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.