«AMANAT» партиясы Премьер-Министр лауазымына Әлихан Смайыловты ұсынды

«AMANAT» партиясы Премьер-Министр лауазымына Әлихан Смайыловты ұсынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің және «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады. Мемлекет басшысына «AMANAT» партиясының атынан жаңа Премьер-Министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасы ұсынылды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың басқа фракцияларымен жуық арада талқылайды.