Теміржолдарды жөндеуге арналған материалдарды ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Теміржолдарды жөндеуге арналған материалдарды ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Фото: 24.kz
1,038
оқылды
Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен Көліктегі департаменттің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы 2 жыл бойы теміржолдардың жағдайын жақсартуға арналған материалдарды ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты әшкереледі. Бас көлік прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, ұрланған төсемдер, шпалдар, рельстер және басқа да тауарлар жарамсыз немесе белгілі бір ақаулары бар жол төсемінің жоғары құрылымының бөліктерімен ауыстырылды деп жалған мәлімет арқылы есептен шығарылған. Қылмыстық топқа «ҚТЖ «ҰК» АҚ-ы Қарағанды бөлімшесінің 17 қазіргі және бұрынғы жұмысшылары тартылған. Оларға полиция қызметкері «қамқорлық» жасаған. Алдын ала есептелген шығын 127 млн теңгеден астам сомаға бағаланды, бұл 800 тоннаға жуық материал. Ұрланған тауарлардың көпшілігінің сатып алушылары мен орналасқан жерлері, сондай-ақ оларды тасымалдайтын жүк көліктері анықталды. Соттың санкциясымен Жаңаарқа жол дистанциясының учаске бастығы және оның орынбасары, сондай-ақ желілік полиция бөлімшесінің бастығы тергеу изоляторына қамалды.
«Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды», – делінген Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.