Қазақстан Азия мен Еуропаны жалғайтын әлемдік көлік хабына айналуы қажет – Мемлекет басшысы
Қазақстан Азия мен Еуропаны жалғайтын әлемдік көлік хабына айналуы қажет – Мемлекет басшысы
307
оқылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілістің жалпы отырысында Үкіметке еліміздің газ өңдеу қуатын арттыру үшін жаңа жобаларды жүзеге асыруды тапсырды.
«Инфрақұрылымды дамыту қажет. Энергетика, су және көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралар қабылдануға тиіс. Энергетикалық активтерді жаңғыртуға жақын арада жаңа инвестиция тарту керек. Бұл жұмысты «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы арқылы іске асыруға болады. Қазір тауар газының тапшылығы күшейіп барады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілістің жалпы отырысында.
Президент газ өңдеу қуатын арттыру үшін жаңа жобаларды жүзеге асыру және суды барынша үнемдеу қажеттігі жайлы да атап өтті.
«Сонымен бірге  25 су қоймасын салып, суды барынша үнемдеу керек. Қазақстан тұрақты даму үшін Азия мен Еуропаны жалғайтын әлемдік көлік хабына айналуы қажет. Бұған дейін қолға алынған көлік және логистика жобаларын түгел уақытылы бітіру өте маңызды», – деді Президент.