Астана қалалық мәслихатының төрағасы сайланды
Астана қалалық мәслихатының төрағасы сайланды
Ерлан Каналимов Астана қалалық мәслихатының төрағасы болып сайланды. Сондай-ақ бүгін мәслихат сессиясында төрт тұрақты комиссияның төрағалары сайланды: Заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға Азамат Айтқожин; Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға Кендебай Адамбеков; Құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға Владислав Сергеев; Әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға Асқар Смағұлов жетекшілік етеді. Елорда мәслихатының құрамында 34 депутат қамтылған. 5 және одан да көп пайызын алған саяси партиялар үшін мандаттар былай бөлінді: «AMANAT» партиясы – 12 мандат, «Қазақстан халық партиясы» – 1 мандат, «Байтақ» жасылдар партиясы – 1 мандат, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 3 мандат. Тағы 17 депутат бір мандатты округтер бойынша Астана қаласы мәслихатына өтті.