Көкшетауда дәмханадан кешкі ас ішкен 17 студент уланып қалды
Көкшетауда дәмханадан кешкі ас ішкен 17 студент уланып қалды
© research.net
Көкшетауда дәмханадан кешкі тамақ ішкен 17 студент бірдей уланып қалды. Жаппай жүрегі айнып құсып, іштері өткен студенттер облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне арыз берген, –  деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. Оқиға 15 наурызда қала дәмханаларының бірінде болған. 17 студенттің бірдей уланып қалғаны жөнінде СЭС департаменті 29 наурыз күні Полиция департаментіне арызданған. Студенттердің бәрі жүрегі айнып құсып, іштері өткеніне шағымданған. Санитарлық қызмет дәмханадан аурудың таралуына ықпал еткен санитарлық ережелердің өрескел бұзылғанын анықтады. Қазір  полиция тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, –  дейді Ақмола облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук. Полиция басқармасы дәмхана иесіне қатысты Қылмыстық кодекстің 304-бабы 1-бөлігі, яғни «Санитарлық ережелердің бұзылуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған.