Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
338
оқылды
Синоптиктер бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады. Қонаев қаласында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 17-22 м/с болады деп болжанады. Талдықорғанда күндіз солтүстік-шығыстан 17-22 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі. Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл болады деп болжанады. Түнде облыстың орталығында шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз 23 м/с дейін жетеді. Қызылордада шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болып, шаңды дауыл тұруы ықтимал. Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетуі мүмкін. Күндіз Ақтөбе облысының орталығында, түнде өңірдің батысында,солтүстігінде шығыстан, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. Ақтөбеде солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің  екпіні - 15-20 м/с. Маңғыстау облысының батысында, орталығында, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп болжанады. Түнде облыстың батысында, күндіз оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с жылдамдықпен солтүстік-батыстан жел соғады. Ақтауда түнде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді. Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.