Арқалықта жылу трассасына жеңіл көлік соғылып, жүргізушісі мерт болды
Арқалықта жылу трассасына жеңіл көлік соғылып, жүргізушісі мерт болды
Қостанай облысында жүргізуші жылу трассасына соғылды. 30 наурыз сағат 14:49-да Арқалық қаласында ВАЗ автокөлігінің 28 жастағы жүргізушісі Ш.Жәнібек көшесімен келе жатып, рөлге ие бола алмай жылу трассасына соғылды. Жол апаты салдарынан жүргізуші мерт болды. Қазір аталған дерек негізінде ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. «Сараптама тағайындалды, қажетті тергеу жүргізіліп жатыр» деп хабарлады облыстық ПД.