Павлодар облысында ер адам өрттің ішінен тоғыз айлық сәби мен анасын алып шықты
Павлодар облысында ер адам өрттің ішінен тоғыз айлық сәби мен анасын алып шықты
546
оқылды
Екібастұзда ер адам өрттің ішінен тоғыз айлық сәби мен анасын алып шықты. Оқиға куәгері өрт болып жатқан үйдің маңынан өтіп бара жатып, көмек қолын созған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 наурызда сағат 17:51-де 101 пультіне  Лихачев көшесі, 11 мекенжайы бойынша үйдің жанып жатқаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері төрт бөлмелі үйдегі жеке меншік үйде ағаш веранда, жиһаз жанып жатқанын анықтады. Жоғары температураның әсерінен пластикалық терезелер, ас үйдегі тоңазытқыш балқып кеткен.
– Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін сол жерден өтіп бара жатқан 1984 жылы туған  Павел Баранов өртті байқап қалып, үйдегі адамдарға көмектесуге жүгіреді. Ол монтировкамен терезінің торын ашып,  алдымен баланы, кейін әйелді алып шыққан. Мұндай батыл қадамға барған азамат өзінің бұл әрекетін батырлық деп санамайды. 1987 жылы туған ер адам әйелі мен баласын Екібастұз қалалық ауруханасына  жеткізген. Қазіргі уақытта нәресте жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды, әйел реанимацияда жатыр, – деді департаментте.