«Қазгидромет» 31 наурызда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады. Атырау облысының батысында, оңтүстігі мен шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды. Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, күндіз өңір орталығында күші 23 м/с артады. Алматы облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 17-22 м/с. Ұлытау облысының батысында, оңтүстігі мен орталығында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні кей уақытта 23-28 м/с жетеді. Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, күндіз орталығында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, жылдамдығы 15-20 м/с құрайды. Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігі мен орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде өңірдің батысында, күндіз оңтүстігі мен орталығында күші 15-20 м/с құрайды. Түнде Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында тұман болады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, жылдамдығы кей уақытта 23-28 м/с күшейеді. Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде тұман болжанады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысы мен оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с құрайды. Жетісу облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын (жаңбыр, қар) жауады. 31 наурыз – 1 сәуір аралығында желдің күші кей уақытта 30 м/с-ті құрайды. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 1-6 градус, 1 сәуірде түнде 3-8 градус үсік жүреді. Түркістан облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы күндіз таулы аудандарда 28 м/с артады. Түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды. Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстік-батысында қатты жаңбыр болжанады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, өңірдің оңтүстігінде, батысы мен шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.