Ақтауда ер адам көлік жүргізіп келе жатып қайтыс болды
Ақтауда ер адам көлік жүргізіп келе жатып қайтыс болды
1,132
оқылды
Ақтауда көлік жүргізіп келе жатқан азамат жүрек талмасынан көз жұмды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Оқиға 30 наурыз күні сағат 09:45 шамасында болған. 3 Б шағын ауданында «Chevrolet Cruze» автокөлігінің жүргізушісі тұрақта тұрған «Chevrolet Lacetti» көлігіне соқтығысқан.
«Анықталғандай,»Chevrolet Cruze«жүргізушісі өзін жайсыз сезініп, жол-көлік оқиғасына жол берген. Алдын ала болжам бойынша, қозғалыс кезінде оның жүрек талмасы ұстап қалған. Жүргізуші сол жерде қайтыс болды», – делінген баспасөз мәліметінде.
Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 001-бабы (адамның қайтыс болуы) бойынша тіркеліп, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.