Қор нарығында доллар арзандады
Қор нарығында доллар арзандады
717
оқылды
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 448 – 454 теңгеден саудаланып жатыр. Kurs.kz мәліметінше, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 448 – 452 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 449 – 454 теңге аралығында болып тұр. 30 наурыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,1 теңгеге қымбаттап, 448,27 теңге болған. Ұлттық банктің 31 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 448,05 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,82 теңге болды. Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,7 – 5,95 теңге аралығында болса, Астанада рубль 5,77 – 5,87 теңгеден сатылып жатыр.