Шекара қызметіне екі облыстан 150 қазақстандық әскери дайындыққа шақырылады
Шекара қызметіне екі облыстан 150 қазақстандық әскери дайындыққа шақырылады
Фото: atr.kz
1,643
оқылды
Әскери жиындардан өту үшін 150 қазақстандық Алматы мен Түркістан облыстарындағы ҰҚК Шекара қызметінің департаменттеріне шақырылады. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұйрығында көрсетілген.
«2023 жылы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Алматы және Түркістан облыстары бойынша департаменттерінде әскери жиындардан өту үшін 150 әскери міндетті күнтізбелік 30 күн мерзімге шақырылсын», – делінген комитет төрағасы Ермек Сағымбаевтың бұйрығында.
Әр департаментке 75 запастағы әскери міндетті шақырылмақ.
«Бұл 30 тәулік ішінде ҰҚК Шекара қызметінің Алматы мен Түркістан облыстары департаменттерінің базасында (әр департаментте 75 адамнан) запастағы әскери міндеттілерді (150 адам) әскери білімге және машыққа үйрету үшін әскери жиындар өткізуге бағытталған. Жобаның материалдық және қаржылық қамтамасыз етілуін бөлінген бюджеттік қаражат шегінде жүргізу жоспарлануда», – деп түсіндірме берілген бұйрыққа.
Құжат 13 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.